Ө.ЖОЛДАСБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ЖОБАЛАР КОНКУРСЫНДА ОБЛЫС ОҚУШЫЛАРЫ ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАРҒА ИЕ БОЛДЫ!!!
2025 жылдың 11-13 наурыз күндері аралығында Астана қаласында Ө.Жолдасбеков атындағы 11(12) сынып оқушыларына арналған математика және механика бойынша зерттеу жобаларының халықаралық конкурсы өтті.
Конкурстың мақсаты: математика және механика саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызығушылық танытатын дарынды оқушыларды анықтау.
Конкурсқа Жамбыл облысынан 4 оқушы қатысып, 3 оқушы жеңімпаз атанды.
Атап айтсақ:
II ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ ЖӘНЕ КҮМІС МЕДАЛЬ ИЕГЕРІ:
Израилова Жанель-Тараз қаласы, №3 мектеп -лицейінің 11 сынып оқушысы.
ІIІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ ЖӘНЕ ҚОЛА МЕДАЛЬ ИЕГЕРЛЕРІ:
Аманбай Бақдаулет - Тараз қаласы, Шерхан Мұртаза атындағы мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы;
Қалыш Адема - Тараз қаласы, Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназиясының
11 сынып оқушысы.
Халықаралық конкурс жеңімпаздарын жеңістерімен құттықтаймыз!