МЕНЮ

Облыстық «Eco-Volonter» атты байқауының облыстық кезеңі 13 наурызда өтті

2025 жылдың 13 наурыз күні «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыру мақсатында «Эко-күнтізбе» айдарында жоспарланған облыстық 5-10 сынып оқушыларына арналған «Eco-Volonter» атты облыстық байқауы онлайн форматта өтті.

Байқаудың мақсаты: азаматтық құндылықтарға сәйкес, рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыру, оқушыларды патриотизм рухында тәрбиелеп, көшбасшылық қабілеттерін ашуға көмектесу, туған елдің табиғатына қызығушылық танытатын талантты оқушыларды анықтап, олардың шығармашылық қабілетін және қоғамдық белсенділігін арттыру.

Облыстық байқауға аудандық, қалалық білім беру ұйымдарынан 29 волонтерлық команда өтініш берді

Байқауға 5-7 сынып оқушыларынан - 15 команда, 8-10 сынып оқушыларынан - 14 команда қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша 14 команда жеңімпаз атанды:

I орынды - 2 команда;

II орынды - 6 команда;

III орынды - 6 команда иеленді.

Жеңімпаз командалар дипломдармен марапатталды.

Байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз!

Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының «Жамбыл дарыны»
аймақтық ғылыми-практикалық орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайтты әзірлеу
Semstar