МЕНЮ

7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы

2026 жылдың 6 ақпан күні «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 7-8 сынып оқушыларына арасында жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы пәндер бойынша  республикалық олимпиаданың үшінші облыстық кезеңі Тараз қаласы, Абай атындағы мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын мектеп-гимназиясының базасында өтті.

Олимпиаданың мақсаты - жалпы білім беретін пәндерді тереңдетіп оқытуға қызығушылығын арттыру, жоғары деңгейдегі олимпиадаларға жасөспірімдерді даярлау жүйесін жетілдіру.

Олимпиаданың облыстық кезеңіне жалпы білім беру ұйымдарынан жаратылыстану-математикалық, бағыттарындағы пәндерден - 250 оқушы, қоғамдық-гуманитарлық бағыттарындағы пәндерден - 204 оқушы қатысты.

Қазылар алқасының шешімі бойынша 214 оқушы жеңімпаз атанып, оның ішінде І орынды - 23 оқушы, ІІ орынды - 69 оқушы, ІІІ орынды - 122 оқушы иеленді және терең білімімен ерекшеленгені үшін 54 оқушы грамотамен марапатталды.

Облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша І орынды иеленген оқушылар олимпиаданың республикалық кезеңіне қатысуға жолдама алды.

Жеңімпаз оқушыларды жеңістерімен құттықтаймыз!
Республикалық кезеңге өткен оқушыларға сәттілік тілейміз!

Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының «Жамбыл дарыны»
аймақтық ғылыми-практикалық орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайтты әзірлеу
Semstar