МЕНЮ

2026 жылғы 13 наурызда «Мамандықтар әлемін ашамыз» республикалық форумының облыстық кезеңі өтті

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2026 жылдың 13 наурыз күні Абай атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын мектеп-гимназиясының базасында жалпы білім беретін мектептердің 11-17 жас аралығындағы оқушылар арасында «Мамандықтар әлемін ашамыз» республикалық форумның облыстық кезеңі қашықтық форматында өтті.

Форумның мақсаты: Қазақстанның еңбек нарығы мен экономикасының болашағында сұранысқа ие және қажетті болашақ мамандықты сәтті таңдау үшін білім алушылардың мамандықты оқып білуге шығармашылық тәсілдемесін жандандыру, білім алушылар мен педагогтерді бірлескен қоғамдық маңызды кәсіби бағдар қызметіне тарту, балаларды қосымша біліммен қамту.

Форумға аудандық, қалалық кезеңдерінің жеңімпаздары – жалпы орта, қосымша білім беру ұйымдарынан 52 білім алушы қатысты.

Форум 4 номинация бойынша өткізілді:

1) «Мен таңдаған мамандық» – презентациялар байқауы;

2) «Болашақ мамандығы» – шығармашылық жұмыстар байқауы;

3) «Біздің отбасымыздағы мамандықтар» бейнероликтер мен фотоәңгімелер байқауы.

4) «Жас мобилограф» – мамандықтар туралы бейнероликтер мен бейнесюжеттер байқауы.

Форумның қорытындысы бойынша 31 жеңімпаз анықталды: I орын – 9, II орын – 12, III орын – 14.

Барлық қатысушыларға сертификаттар, грамоталар, ал жеңімпаздарға дипломдар табысталады.

Облыстық кезеңнің жеңімпаздары форумның республикалық кезеңінде Жамбыл облысының атынан қатысады.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының «Жамбыл дарыны»
аймақтық ғылыми-практикалық орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайтты әзірлеу
Semstar