МЕНЮ

Ағылшын тілі, неміс тілі, француз тілі пәндері бойынша республикалық олимпиада өз мәресіне жетті

2026 жылды 17-21 сәуір күндері Петропавл қаласында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы ағылшын тілі, неміс тілі, француз тілі пәндері бойынша республикалық олимпиада өтті.

Білім додасына Жамбыл облысынан ағылшын тілі пәні бойынша 4 оқушы қатысып, нәтижесінде 2 оқушы жеңімпаз атанып, жүлделі орындарға ие болды. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің дипломдары мен медальдарын иеленді.

І дәрежелі диплом және алтын медалін - 1 оқушы, IIІ дәрежелі диплом және қола медалін – 1 оқушы иеленіп жеңімпаз атанды.

БІЗДІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫМЫЗ:

І ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ ЖӘНЕ АЛТЫН МЕДАЛЬ ИЕГЕРІ:

* АУЖАНОВ АМИР - Дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 10 сынып оқушысы;

ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ, КҮМІС МЕДАЛЬ ИЕГЕРІ:

* ОРШЫБЕК АДИЯ – Тараз қаласы, Ә.Бөкейханов атындағы №1 гимназиясының 11 сынып оқушысы;

Жеңімпаз оқушыларды және оларды дайындаған мұғалімдерді шын жүректен құттықтаймыз! Жас дарындарға алдағы білім белестерінде толағай табыстар тілейміз!

Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының «Жамбыл дарыны»
аймақтық ғылыми-практикалық орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайтты әзірлеу
Semstar