МЕНЮ

Қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша республикалық олимпиада нәтижесінде жамбыл облысының командасы жеңіс тұғырынан көрініп жүлделі І орынды иеленді

Ағымдағы жылдың 3-21 сәуір күндері аралығында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы Қазақстан тарихы, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытатын мектептегі қазақ тілі, орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі, құқықтану негіздері, ағылшын тілі пәндері бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі еліміздің 3 өңірінде келесі мерзімде өтті.

Қоғамдық-гуманитарлық бағыт:

  • 3-7 сәуір – Тараз қаласы, Қазақстан тарихы, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытатын мектептегі қазақ тілі;
  • 9-13 сәуір – Шымкент қаласы, орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі, құқықтану негіздері;
  • 17-21 сәуір – Петропавл қаласы, ағылшын тілі, неміс тілі, француз тілі;

Республикалық кезеңге Қазақстанның барлық өңірінен 705 оқушы қатысса, оның ішінде Жамбыл облысының 29 оқушысы қатысып білім сайысына түсті.

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша 18 оқушы жеңімпаз атанып, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің І дәрежелі диплом және алтын медалін - 7 оқушы, IІ дәрежелі диплом және күміс медалін - 4 оқушы, IIІ дәрежелі диплом және қола медалін - 7 оқушы иеленіп жеңімпаз атанса, өз білімімен ерекшеленгені үшін 3 оқушы грамотамен марапатталды.

Сонымен қатар, қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша Жамбыл облысының командасы жоғары білім мен табандылықтың үлгісін көрсетіп, жүлделі І орынды иеленіп, жеңімпаз атанды.

Бүгінгі жеңімпаздар - ертеңгі ел тірегі. Жамбылдың жас қырандарына тек қана сәттілік тілейміз!

Жеңімпаз оқушыларды және оларды дайындаған мұғалімдерін жеңістерімен құттықтаймыз!

Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының «Жамбыл дарыны»
аймақтық ғылыми-практикалық орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайтты әзірлеу
Semstar