2026 жылдың 10-12 мамыр күндері аралығында Астана қаласында 7-11 (12) сынып оқушыларына арналған республикалық «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасының қорытынды кезеңі өтті.
Олимпиадаға Жамбыл облысынан 9 оқушы қатысып, нәтижесінде 5 оқушы жүлделі орындарға ие болды және 6 оқушы грант иегері атанды.
ІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ ЖӘНЕ БАҒАЛЫ СЫЙЛЫҚ ИЕГЕРІ:
КАДИРОВА МИЛАНА - Меркі ауданы, Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы.
ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ ЖӘНЕ БАҒАЛЫ СЫЙЛЫҚТАР ИЕГЕРЛЕРІ:
БОТАГАРАЕВА НУРИЯ - Қордай ауданы, №43 Б.Момышұлы орта мектебінің 11 сынып оқушысы;
СҰЛТАНБЕКҚЫЗЫ ЗЕРЕ - Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы;
ӨЗІБЕК АЯЖАН - Меркі ауданы, №21 жалпы орта білім беретін мектебінің 11 сынып оқушысы;
ТӨСТІКБАЙ ЖАНЕРКЕ - Дарынды балаларға арналған мамандандырылған IT лицей-интернатының 11 сынып оқушысы.
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің гран иегерлері:
Кадирова Милана - Меркі ауданы, Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы;
Төстікбай Жанерке - Дарынды балаларға арналған мамандандырылған IT лицей-интернатының 11 сынып оқушысы;
Халел Досмухамедов атындағы Атырау университетінің грант иегері:
Өзібек Аяжан - Меркі ауданы, №21 жалпы орта білім беретін мектебінің 11 сынып оқушысы.
Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің грант иегерлері:
Ботагараева Нурия - Қордай ауданы, №43 Б.Момышұлы орта мектебінің 11 сынып оқушысы;
Сұлтанбекқызы Зере - Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы;
Чакова Кристина - Жуалы ауданы, №7 Т.Әкімов атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушысы.
Олимпиада жеңімпаздарын жүлделі орындарымен құттықтаймыз!