МЕНЮ

«Жыр алыбы - Жамбыл» республикалық жас ақындар айтысында арнайы жүлде иеленді

2026 жылдың 13-16 қазан күндері аралығында «Дарын» РҒПО ұйымдастыруымен Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Жамбыл ауылында жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасындағы республикалық «Жыр алыбы - Жамбыл» республикалық жас ақындар айтысы өтті.

Жамбыл облысынан республикалық жас ақындар айтысына 2 оқушы қатысып, арнайы жүлде мен қаржылай сертификаттармен марапатталды.

АРНАЙЫ ЖҮЛДЕ және 50 000 тг. қаржылай Сертификат иегері:

ЕРЛАНҚЫЗЫ НАЗГҮЛ - Меркі ауданы, №5 Ақарал мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы.

АРНАЙЫ ЖҮЛДЕ және 30 000 тг. қаржылай Сертификат иегері:

СЕРІК МАРЖАН - Талас ауданы, М.Қыстаубайұлы атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушысы.

Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан жас ақындарымызды жүлделерімен құттықтаймыз!

Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының «Жамбыл дарыны»
аймақтық ғылыми-практикалық орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайтты әзірлеу
Semstar