МЕНЮ

Республикалық «Махамбет оқулары» байқауында жеңімпаз атанды

2024 жылдың 3-4 қазан күндері Атырау қаласында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 8-11 сынып оқушылары арасындағы республикалық «Махамбет оқулары» байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты - ұлтына ұран болған ұлы ақынның рухы биік туындыларын насихаттау, бабалардың ерлік рухын сезіндіру.

Байқауға Жамбыл облысынан 5 оқушы қатысып, 5 номинация бойынша өткізілді.

Байқаудың нәтижесінде «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының дәрежелі дипломдарымен және ұйымдастырушылар тарапынан қаржылай сертификаттар табысталды.

ІІ дәрежелі диплом және қаржылай сыйақы иегері:

  • «Шашақты найза, шалқар күй» номинациясы бойынша Сәбит Рамазан Ерланұлы - Жамбыл ауданы, Төле би атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушысы;

ІІІ дәрежелі диплом және қаржылай сыйақы иегерлері:

  • «Ұлы арман» номинациясы бойынша Успанова Бибизейнеп Маратовна - Дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицейінің 11 сынып оқушысы;
  • «Ел құтқарар ер едім...» номинациясы бойынша Сүндет Ұлпан Дәуренқызы - Байзақ ауданы, № 1 мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы;
  • «Тартынбай сөйлер асылмын...» номинациясы бойынша Тоқбай Жансая Дүйсенбекқызы - Талас ауданы, Алғабас орта мектебінің 11 сынып оқушысы;
  • «Біз неткен ер, неткен ер? Сергелдеңмен өткен ер» номинациясы бойынша Ниязбек Диана Бақытқызы - Тараз қаласы, № 23 орта мектебінің 10 сынып оқушысы.
Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының «Жамбыл дарыны»
аймақтық ғылыми-практикалық орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайтты әзірлеу
Semstar