МЕНЮ

«Менің шағын Отаным»

9-10 сынып оқушыларына арналған
жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» атты
республикалық интеллектуалдық конкурсы

Бұл байқау – жас ұрпақтың туған жер тарихына, мәдениеті мен рухани құндылықтарына деген қызығушылығын оятып, зерттеу және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған маңызды білім беру жоба болып табылады. Конкурс арқылы оқушылар өз өлкесінің тарихын зерделеп, елдің дамуына үлес қосқан тұлғалар мен тарихи оқиғаларды таныстырып қана қоймай, өңірдің келешегін көздейтін жобалық идеяларыда ұсынылды.

Қатысушылар екі тур бойынша сыналды: бірінші турда «Қазақстан тарихы» пәнінен онлайн-тест тапсырды, ал екінші турда өздерінің зерттеу және шығармашылық жобаларын қорғайды.

«Менің шағын Отаным» байқауы – оқушыларды туған жерінің өткені мен бүгініне үңіліп, өз өлкесінің дамуына ой қосуға баулитын, елдік сана мен азаматтық жауапкершілікті нығайтатын ауқымды жоба. Бұл конкурс жыл сайын тарихқа қызығушылығы бар жас зерттеушілердің жаңа буынын қалыптастырып, олардың елдің болашағына белсенді араласуына мүмкіндік беріп келеді.

Бұйрық Ереже «Менің шағын Отаным» 2026-2027 [PDF]

https://daryn.kz/kk/moya-malaya-rodina-kz/

Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының «Жамбыл дарыны»
аймақтық ғылыми-практикалық орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайтты әзірлеу
Semstar