МЕНЮ

Жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың екінші (аудандық) кезеңі

14-15 қараша, 2024

Олимпиаданың мақсаты мен міндеттері:

Оқушылардың зияткерлікке және ғылыми білімге қызығушылығын дамыту, қабілеттерін, бейімділіктерін іске асыру шеңберінде ерте бейіндеу, республикалық пәндік олимпидаларға қатысу үшін жоғары ынталандырылған білім алушыларды анықтау.

Олимпиада төрт кезеңде, бір турда өткізіледі:

  • бірінші (мектепшілік) кезең;
  • екінші (аудандық/қалалық) кезең;
  • үшінші (облыстық) кезең;
  • төртінші (қорытынды) кезең.

Олимпиада ұйымдастырушылары:

Республикалық ұйымдастыру комитеті болып «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы болып табылады.

Олимпиада жалпы білім беру бағдарламалары негізінде келесі пәндер бойынша өткізіледі:

Математика, жаратылыстану, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы.

Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының «Жамбыл дарыны»
аймақтық ғылыми-практикалық орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайтты әзірлеу
Semstar