ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» РҒПО-ның 2024 жылғы 19 қыркүйектегі № 788 /15-11-06 хаты негізінде, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының 2024 жылғы 30 қыркүйектегі №576-Ө бұйрығына сәйкес 16 қазан күні конкурстың облыстық кезеңі Тараз қаласының білім бөлімінің № 64 орта мектебінің базасында өтті. Облыстық кезеңге 4 номинация бойынша 64 оқушы қатысты.
Конкурстың мақсаты – Туған жер тарихына аса қызығушылық танытатын талантты оқушыларды анықтап, олардың шығармашылық қабілетін, қоғамдық белсенділігін дамытуға, өскелең ұрпақтың бойына ұлтжандылықты қалыптастыру, өзінің туған өлкесінің тарихын және құндылықтарын мақтаныш сезіммен жеткізуге бағыттау.
Облыстық кезеңде І орынды иеленген «Менің шағын Отанымның тарихы» номинациясы бойынша Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы М.Әуезов атындағы мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушысы Төленбек Арнұр, «Шағын Отанымның символы» номинациясы бойынша Шу қаласы, М.Әуезов орта мектебінің 9 сынып оқушысы Наурызбай Мерей, «Менің шағын Отанымның болашағы» номинациясы бойынша Тараз қаласы, Қ.Тұрысов атындағы №53 мектеп-гимназиясы 10 сынып оқушысы Мырзатай Жанна Ғаниқызы, «Менің шағын Отанымнан шыққан тұлғалар» номинациясы бойынша Дарынды ер балаларға арналған "Білім-Инновация" лицей-интернатының 10 сынып оқушысы Қанат Нұрғанат Жамбыл облысының атынан республикалық кезеңге жолдама алды.