МЕНЮ

Жалпы білім беретін мектептердің 6-11 сынып оқушылары арасында өтетін дәстүрлі «Ясауитану-2025» республикалық білім байқауының облыстық кезеңі.

24 қаңтар, 2025 жыл

Жалпы білім беретін мектептердің 6-11 сынып оқушылары арасында өтетін дәстүрлі «Ясауитану-2025» республикалық білім байқауының облыстық кезеңі

2025 жылдың 24 қаңтар күні Тараз қаласының білім бөлімінің №64 орта мектебінің базасында жалпы білім беретін мектептердің 6-11 сынып оқушылары арасында өтетін дәстүрлі «Ясауитану-2025» республикалық білім байқауының облыстық кезеңі өтеді.

Байқаудың мақсаты мен міндеттері:

1) Қазақ халқының рухани тұтастығын қалыптастырған Қожа Ахмет Ясауидің хикметтерін насихаттау;

2) Өскелең ұрпақты ұлы баба мұрасын терең меңгеріп, зерттеуге ынталандыру;

3) Жас өркеннің интеллектуалдық пайым-парасатын арттыру;

4) Жас буынды елдік санаға баулу;

5) Ұлы баба өнегесімен шәкірттерді адамгершілікке, ізгілікке баулу;

6) Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде жерленген тарихи тұлғалардың өмірі мен қызметін өскелең ұрпақтың бойына сіңіру;

7)Тарихи-мәдени ескерткіштерді, жәдігерлерді насихаттау

Байқаудың ұйымдастырушысы:

«Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығы

Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының «Жамбыл дарыны»
аймақтық ғылыми-практикалық орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайтты әзірлеу
Semstar