ХХ «Зерде» республикалық 2-7 сынып оқушылары арасында зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстардың конкурсында облыс оқушылары жеңімпаз атанды
2025 жылдың 28-30 қаңтар күндері аралығында ХХ «Зерде» республикалық 2-7 сынып оқушылары арасында зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстардың конкурсы Ақмола облысы, Щучинск қаласында орналасқан «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының базасында өтті.
Мақсаты - балалардың зерттеу дағдыларын дамыту және мектеп оқушыларының интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыру.
Конкурс – жаратылыстану-математикалық бағытының математика, қолданбалы математика; физика, космос; туризм және спорт; химия, биология; информатика, робототехника, STEM инженерия секциялары бойынша ұйымдастырылды.
Конурстың қорытындысы бойынша Жамбыл облысынан 11 оқушы жеңімпаз атанды:
І ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ:
- Сембек Нұрасыл, Сүйенішбай Раяна - Талас ауданы Қаратау қаласы білім бөлімінің Мектеп-Лицейінің 2 сынып оқушылары;
- Хайдарбек Айару - Жамбыл ауданы білім бөлімінің Гродеково орта мектебінің 4 сынып оқушысы.
ІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ:
- Орынбек Ерасыл - Тараз қаласының білім бөлімінің Шерхан Мұртаза атындағы мектеп-гимназиясының 3 сынып оқушысы;
- Бейсенәлі Айзере - Тараз қаласының білім бөлімінің Шерхан Мұртаза атындағы мектеп-гимназиясының 7 сынып оқушысы;
- Ділдабек Жарқын, Ділдабек Дарын - Тараз қаласының білім бөлімінің «Әлихан Бөкейханов атындағы №1 гимназиясының 4 сынып оқушылары;
- Темірхан Рауан - Жамбыл ауданы білім бөлімінің «Бейсенбек Тайшапұлы атындағы орта мектебінің 5 сынып оқушысы.
ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ:
- Серік Ақниет - Тараз қаласының білім бөлімінің Б.Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясының 7 сынып оқушысы;
- Кырманшиева Назерке, Мурзалиева Каусар - Дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицейінің 7 сынып оқушылары.
Жас зерттеуші ғалымдарды және дайындаған жетекшілерді жеңістерімен құттықтаймыз!
2-7 сынып оқушыларының арасындағы «Зерде» республикалық зерттеу жобалары конкурсының облыстық кезеңі өтті
2024 жылдың 6 желтоқсан күні Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2-7 сынып оқушыларына арналған республикалық «Зерде» зерттеу жобалары конкурсының облыстық кезеңі Тараз қаласы білім бөлімінің Шерхан Мұртаза атындағы мектеп-гимназиясының базасында өтті.
Конкурстың мақсаты: балалардың зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту, кіші және орта жастағы мектеп оқушыларының интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыру болып табылады.
Конкурстың міндеті: зерттеу жұмыстарына қызығушылық танытқан қабілетті және дарынды оқушыларды анықтау, оларға қолдау көрсету, оқушылардың үздік жетістіктерін бағалау және насихаттау, қоғамның интеллектуалдық әлеуетін дамыту мәселесіне көпшіліктің назарын аудару.
Конкурстың нәтижесі бойынша І орынды - 28 оқушы, ІІ орынды – 32 оқушы, ІІІ орынды - 60 оқушы иеленіп, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды.
Зерттеу жұмыстарының нәтижесі бойынша I орынды иеленген 28 оқушы конкурстың республикалық кезеңіне қатысуға жолдама алды.