МЕНЮ

Облыстық «Eco-Volonter» атты байқауының облыстық кезеңі 12 наурызда өтеді

2025 жылдың 12 наурыз күні «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың  2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында «Эко-күнтізбе» айдарында жоспарланған облыстық  5-10 сынып оқушыларына арналған «Eco-Volonter» атты байқауының облыстық кезеңі  онлайн форматта өтеді.

Байқаудың мақсаты: Азаматтық құндылықтарға  сәйкес, рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыру, оқушыларды патриотизм рухында тәрбиелеп, көшбасшылық қабілеттерін ашуға көмектесу, туған елдің табиғатына қызығушылық танытатын талантты оқушыларды анықтап, олардың шығармашылық қабілетін  және қоғамдық белсенділігін таныту.

Байқаудың міндеттері: Оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, жастардың идеялары мен жобаларын ұсынуға мүмкіндік беретін әмбебап алаң құру, балалар мен жастарды бірігіп жұмыс жасауға үйрету.

Қатысушыларға сәттілік тілейміз!

Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының «Жамбыл дарыны»
аймақтық ғылыми-практикалық орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайтты әзірлеу
Semstar