8-11 сынып оқушылары арасында республикалық «Мәшһүр-Жүсіп оқуларының» облыстық кезеңі
2025 жылдың 5 наурыз күні Абай атындағы мамандандырылған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын гимназиясының базасында 8-11 сынып оқушылары арасында республикалық «Мәшһүр-Жүсіп оқуларының» облыстық кезеңі өтеді.
Байқаудың мақсаты - философ-ақынның рухани мұрасын дәріптеу, шығармаларында бейнеленген туған жерге сүйіспеншілік, белсенді азаматтық ұстанымды өскелең ұрпақта тәрбиелеу, тұлғаның зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамыту.
Байқау 5 бағыт бойынша өтеді:
- «Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген» бағыты бойынша - өз шығармасын арнау;
- «Бас болып өнер білсең, тіпті жақсы» бағыты бойынша – Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының шығармаларындағы көркем ой, талғам мен түсінік, ұлттық танымның ерекшеліктерін, адамзат, ұлт руханиятындағы мәнімен сабақтастыра отырып, ғылыми зерттеу жоба әзірлеу және оны қорғау;
- «Білімді зерек адам болам! - десең, Қара өзіңді басқаның айнасымен » бағыты бойынша – ұлы баба шығармаларындағы ойларды кеңейтіп, ұлт тарихымен, ұлттық әдебиет мазмұнымен байланыстырып, эссе жазу.
- «Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы фольклорлық мұрасы. Хандар, батырлар» бағыты бойынша – ғұламаның фольклорлық жазбаларынан келесі тізімде көрсетілген екі топтың ішінен бір тұлғаны таңдап, сол тұлға туралы толық мәлімет жеткізе білуі және деректерінің мәнін жүйелеп талдау талап етіледі.
- «Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы фольклорлық мұрасы. Би-шешендер, жырау-ақындар» бағыты бойынша – ғұламаның фольклорлық жазбаларынан келесі тізімде көрсетілген екі топтың ішінен бір тұлғаны таңдап, сол тұлға туралы толық мәлімет жеткізе білуі және деректерінің мәнін жүйелеп талдау талап етіледі.
Байқаудың ұйымдастырушысы: Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығы