2025 жылдың 16 сәуір күні Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталықтың базасында «Әбіш оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық конкурсының облыстық кезеңі өтеді.
Конкурстың негізгі мақсаты - мектеп оқушылары арасында Әбіш шығармаларын насихаттау, олардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, сөз мәдениетін дамыту, жазушының рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, тарихи танымдарын, ізгілікке, демократияға және азаматтыққа бағдарланған дүниетанымдары мен сана- сезімдерін, өмірлік ұстанымдарын қалыптастыру.
Әбіш оқуларының негізгі міндеттері - дарынды балаларды анықтау, әдеби мұралардың жүйелі оқылуын жолға қою.
Әбіш оқулары 4 бағыт бойынша өткізіледі:
Конкурстың ұйымдастырушысы: Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығы