2025 жылдың 29 сәуір күні жалпы орта білім беретін мектептердің 8-11 сынып оқушылары арасында «Абай оқулары» республикалық шығармашылық конкурсының облыстық кезеңі өтеді.
Абай оқуларының негізгі мақсаты - қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу, мектеп оқушыларының классикалық әдебиеттерді оқуға деген қызығушылықтарын арттыру.
Абай оқуларының негізгі міндеттері - Абай және Шәкәрім шығармаларындағы эстетикалық талғам мен тұлғалық қасиетті насихаттау, ұлылар поэзиясына, ұлттың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Абай оқулары 6 номинация бойынша өткізіледі:
Конкурстың ұйымдастырушысы: Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығы