«Адам-Жер-Ғарыш» қоршаған ортаны қорғау мәселесі бойынша ғылыми-зерттеу жобаларының XXV-ші бүкілресейлік олимпиадасы Ресей федерециясының Мәскеу облысы Королев қаласында 2025 жылдың 21-26 сәуір аралығында өткізіледі.
Олимпиаданың мақсаты – дарынды оқушылардың ғылыми-техникалық, шығармашылық қабілетін дамыту және қолдау, сондай-ақ оларды инженерлік-техникалық кәсіптерге баулу.
Олимпиада келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
1. Ғарышкерлер;
2. Ғарыш зертханасы;
3. Астрономия;
4. Адам және кеңістік;
5. Энергия және адам;
6. Физикалық зертхана;
7. Бағдарламалау;
8. Ақпараттық технология;
9. Біздің үйіміз - Жер;
10. Флора мен фауна;
11. Жерді сақтайық;
12. Мен тұратын қала.
Қазақстан республикасы, Жамбыл облысынан «Адам-Жер-Ғарыш» қоршаған ортаны қорғау мәселесі бойынша ғылыми-зерттеу жобаларының XXV- ші бүкілресейлік олимпиадасына 8 номинация бойынша 21 оқушы қатысады.
Қатысушыларға сәттілік!