МЕНЮ

«Ғылым әлемін ашамын» атты ғарыштық зерттеулер бойынша халықаралық ғылыми конкурсын 9-11 сәуір аралығында өткізеді

Ғылым қызметкерлері күні мен Ғарышкерлер күніне орай Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2025 жылғы 9-11 сәуір аралығында Астана қаласында «Ғылым әлемін ашамын» атты ғарыштық зерттеулер бойынша халықаралық ғылыми конкурсын өткізеді.

Конкурстың мақсаты – дарынды оқушыларды анықтау және қолдау, сондай-ақ оларды ғарыштық технологиялар мен ақпараттық жүйелер саласындағы ғылыми-зерттеу қызметіне тарту.

Ғылыми жарыстар келесі секциялар бойынша өткізіледі:

  • Ғарыштық техника және инфрақұрылым;
  • Ғарыштық ақпараттық технологиялар және модельдеу;
  • Күн жүйесі және ғарыш физикасы;
  • Биология және ғарыштық медицина.

Жамбыл облысынан «Ғылым әлемін ашамын» атты ғарыштық зерттеулер бойынша халықаралық ғылыми конкурсына 3 секция бойынша 6 оқушы қатысады.

Қатысушыларға сәттілік!

Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының «Жамбыл дарыны»
аймақтық ғылыми-практикалық орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайтты әзірлеу
Semstar