Жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің апелляция жұмыстары өтетінін хабарлаймыз!
2025 жылдың 2 мамыр күні сағат 10.00-12:00 уақыт аралығында Тараз қаласы, Қ.Тұрысов атындағы №53 мектеп-гимназиясының базасында 7-8 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне қатысқан оқушыларға апелляция жұмыстары өтеді.
АПЕЛЛЯЦИЯ НҰСҚАУЛЫҒЫ:
- Әр оқушы Олимпиадаға өз таңдаған пәні бойынша қатысады.
Сайттан:
- Өзінің сканерленген жұмысын (шифрсыз, аты-жөні жазылмаған) қарайды/таниды.
- Тексерілген жұмыстар бойынша олимпиаданың хаттамасы жарияланады.
- Оқушы өзінің жұмысына қойылған ұпайды хаттамадан қарайды.
- Жұмысты обьективті бағалау құқығын қамтамасыз ету мақсатында. Олимпиадаға қатысушылар әр тапсырмаға/тармаққа/ бөлімге келіспеу себептерін көрсете отырып, белгілі бір нысан-өтінішті толтырып, апелляцияға беруге құқылы.
- Апелляцияға қазылар алқасының мүшелері және Олимпиадаға қатысушының өзі ғана қатысады.
- Олимпиаданың қазылар алқасы апелляция нәтижелері бойынша апелляцияны қабылдамау, қойылған ұпайларды сақтау немесе апелляцияны қанағаттандыру және ұпайларды түзету туралы шешім қабылдайды.
- Апелляция аяталғаннан кейін, қорытынды хаттама жарияланады.
Аппеляция өтінімін қабылдау уақыты 9-00 ден 10-00 аралығында қабылданады.
Қосымша сұрақтарыңыз бойынша байланыс телефоны: 8 771 696 04 66
Нұсқаулықпен әр оқушыны таныстыруыңызды сұраймыз!
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың ІІІ (облыстық) кезеңі келесі бағыт бойынша өтеді.
- 29 сәуір күні сағат 09:00 -де жаратылыстану-математикалық бағыты (7-8 сыныптарға);
- 30 сәуір күні сағат 09:00-де қоғамдық-гуманитарлық бағыты (7-8 сыныптарға).