МЕНЮ

Облыстық «Табиғат лирикасы» тақырыбындағы шығармашылық байқауы өтті

  • Өткізу туралы ақпарат 2024

    2024 жылдың 19 қараша күні «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен ҚР Президенті  Қ.Тоқаевтың  2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында «Эко-күнтізбе» айдарында жоспарланған  2-7 сынып оқушыларына арналған «Табиғат лирикасы» тақырыбындағы шығармашылық байқауының облыстық кезеңі онлайн форматта өтті.

    Байқаудың мақсаты:оқушылардың  табиғаттағы көркем құбылыстарды сезіну қабілеттерін арттыру, ақындық өнері мен шығармашылық ойлау қабілетін дамыту.

    Байқау екі бағыт бойынша ұйымдастырылды:

    I бағыт – «Туған өлкем, табиғатың қандай көркем» бағыты – оқушылар өз туған өлкесіндегі табиғаттың көрінісінен алған әсерін бейнелеу.

    II бағыт – «Жырлаймын сені, туған ел!» бағыты - туған өлке табиғатының әсемдігін, көркем құбылыстарын сипаттау мақсатында ақындық, шығармашылық қабілетін көрсету.

    Облыстық байқауға аудандық, қалалық білім беру ұйымдарының 141 оқушысы қатысты.

    Байқау қорытындысы бойынша 69 оқушы жеңімпаз атанып, I- орынды 11 оқушы, II- орынды 24 оқушы, III- орынды 34 оқушы иеленіп, жеңімпаз атанды.

Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының «Жамбыл дарыны»
аймақтық ғылыми-практикалық орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайтты әзірлеу
Semstar