МЕНЮ

2025 жылдың 11-14 мамыр күндері аралығында Тараз қаласында алғаш рет Мұхтарбай Өтелбаев атындағы 7-8 сынып оқушыларына арналған математикадан республикалық «Ойлан, тап!» олимпиадасы өтеді

Олимпиаданың мақсаты - оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру, теориялық білімдерін практикалық дағдыларын тереңдету.

Бұл олимпиада - физика-математика ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі  Мұхтарбай Өтелбаевтың есімін  иеленіп, әлемдік математика ғылымына жаңалық әкелген, қазақ баласының ой-өрісін биікке көтерген ұлы ғалымның  ғылыми ізденістері, әлемге танылған еңбектерін насихаттаудағы игі істердің бірі болмақ. 

Олимпиадаға еліміздің әр аймағынан (7 сыныптан 3 оқушы, 8 сыныптан 3 оқушы) жалпы 150 жас математик қатысады. 

Олимпиаданың жабылу салтанаты 2025 жылдың 13 мамыр күні Тараз қаласындағы «Бақытты болашақ» оқушылар сарайында өтеді.

Ұйымдастырушылар: ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы.

Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының «Жамбыл дарыны»
аймақтық ғылыми-практикалық орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайтты әзірлеу
Semstar