МЕНЮ

Ауыл мектептері оқушыларына арналған республикалық олимпиадаға тіркеу басталды

2025 жылғы 10-15 қыркүйек аралығында ауыл мектептерінің 9-11(12) сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың І кезеңіне тіркеу жүргізіледі. Тіркелу процесі www.smart.daryn.kz платформасында өтеді.

Олимпиадаға ауылдық жерде орналасқан мамандандырылған білім беру ұйымдарынан басқа мектептердің барлық ниет білдіруші оқушылары қатыса алады.

Ерекшеліктері:

- Оқушылар олимпиадаға бірнеше жыл қатарынан қатыса алады;
- Өткен жылғы жеңімпаздар биылғы республикалық кезеңге конкурстан тыс қатысу мүмкіндігіне ие (шарт – барлық кезеңдерге қатысу);
- Тіркеу мектептегі компьютер немесе ноутбук арқылы жүзеге асады.

Олимпиада 4 кезеңнен тұрады:

Бастапқы – қыркүйек;
Аудандық – қазан;
Облыстық – қараша;
Республикалық – желтоқсан.

Анықтама үшін: Олимпиада Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың бастамасымен үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. Соңғы екі жылда бастапқы кезеңге 180 мыңға жуық оқушы қатысты. Нәтижесінде ауыл мектептері оқушыларының республикалық олимпиадаларға қатысу көрсеткіші он есеге артты.

Видео-нұсқаулық:

https://youtu.be/kxL3YVxllWU
https://youtu.be/tHjxv6l5C5o

Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының «Жамбыл дарыны»
аймақтық ғылыми-практикалық орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайтты әзірлеу
Semstar