2025 жылдың 24 қыркүйек күні «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында «Эко-күнтізбе» айдарында жоспарланған 8-10 сынып оқушыларына арналған «Эко-юрист» жас экологтар байқауының облыстық кезеңі онлайн форматта өткізіледі.
Байқаудың мақсаты - оқушылардың экология бойынша құқықтық сауаттылығын жетілдіру, табиғат байлықтарын заңдық, нормативтік тұрғыда қорғау талаптарын меңгеру қабілеттерін ашуға көмектесу.
Байқаудың міндеттері - оқушылардың қоршаған ортаның жай-күйі үшін экологиялық жауапкершілігін қамтамасыз ететін білім мен дағды жүйесін қалыптастыру, оқушыларды экологиялық құқықтар, міндеттер мен нормаларды білуіне дағдыландыру, оқушылардың экологиялық мәдениетін, экологиялық білімі мен тәрбие деңгейін арттыру.
Қатысушыларға сәттілік!