2025 жылдың 26 қыркүйек күні жалпы білім беретін мектептердің 8-11 сынып оқушылары арасында республикалық «Махамбет оқулары» байқауының облыстық кезеңі өтеді.
Байқаудың мақсаты мен міндеттері
- мектеп оқушылары арасында Махамбеттің ұлтына ұран болған рухы биік туындыларын насихаттау;
- тарихи деректер бойынша тұжырым жасай білу дағдысына үйрету, түсініктерді деректермен, дәйексөзбен дәлелдеуге жаттықтыру;
- әдеби мұралардың жүйелі оқылуын жолға қою, балалардың ерлік рухын сезіндіру арқылы азаматтық тәрбие беру.
Махамбет оқулары 5 номинация бойынша өткізіледі:
1. «Ұлы арман» - Махамбет шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салу номинациясы;
5. «Шашақты найза, шалқар күй» - Махамбет күйлерін орындаушылар номинациясы;
6. «Ел құтқарар ер едім...» - Махамбет шығармаларын жатқа оқу номинациясы;
4. «Тартынбай сөйлер асылмын...» - жас ақындардың өз туындыларын мәнерлеп оқу номинациясы;
5. «Біз неткен ер, неткен ер? Сергелдеңмен өткен ер» - «Хандар мен ел билеушілер», «Батырлар» тақырыбының бірін қорғау номинациясы.
Конкурстың ұйымдастырушысы: Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығы