МЕНЮ

«Махамбет оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық конкурсының қорытынды кезеңі

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық-ғылыми практикалық орталығы жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары арасында «Махамбет оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық конкурсын (бұдан әрі – Махамбет оқулары) 2025 жылғы 8-10 қазан аралығында Атырау қаласында Абай атындағы оқушылар орталығының базасында өтетіндігін хабарлайды.

Бекітілген ережеге сәйкес Махамбет оқуларына білім беру ұйымдарының барлық типтері мен түрлерінің 8-11 сынып оқушылары – қатыса алады.

Махамбет оқуларының мақсаты мен міндеттері:

- мектеп оқушылары арасында Махамбеттің ұлтына ұран болған рухы биік туындыларын насихаттау;

- олардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын дамыту, тарихи санасы мен танымдарын, ізгілікке, демократияға және азаматтыққа бағдарланған дүниетанымдары мен сана - сезімдерін, өмірлік айқындамаларын қалыптастыру;

- тарихи деректер бойынша тұжырым жасай білу дағдысына үйрету, түсініктерді деректермен, дәйексөзбен дәлелдеуге жаттықтыру;

- бабалардың ерлік рухын сезіндіру арқылы азаматтық тәрбие беру.

Махамбет оқулары 5 бағыт бойынша өткізіледі (әр номинацияға - 1 оқушы):

  1. «Ұлы арман» Махамбет шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салу бағыты;
  2. «Ел құтқарар ер едім…» - Махамбет шығармаларын жатқа оқу бағыты;
  3. «Шашақты найза, шалқар күй» - Махамбет күйлерiн орындаушылар бағыты;
  4. «Тартынбай сөйлер асылмын…» - жас ақындар өз туындыларын мәнерлеп оқу бағыты;
  5. «Бiз неткен ер, неткен ер? Сергелдеңмен өткен ер» - «Хандар мен ел билеушiлер», «Батырлар» тақырыбының бipiн қорғау шығармашылық бағыты.

Махамбет оқуларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту Министрлігі «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен және грамоталарымен марапатталады.

Ұйымдастыру комитеті: Атырау облысы Білім беру басқармасы, «Таланттарды анықтау және қолдау» орталығы

Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының «Жамбыл дарыны»
аймақтық ғылыми-практикалық орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайтты әзірлеу
Semstar