МЕНЮ

Шешендік өнер және музыкалық импровизация бойынша «Ақберен» конкурсының облыстық кезеңі

2025 жылдың 17 қазан күні жалпы білім беретін мектептердің 8-11 сынып оқушылары арасында республикалық «Ақберен» өнер байқауының облыстық кезеңі өтеді.

Байқаудың мақсаты мен міндеттері:

​- Шешендік өнер, әдебиет, дәстүрлі музыка және шығармашылық қабілеттерін дамытатын дарынды оқушыларды анықтау және қолдау; 
- Шығармашыл оқушыларының гуманитарлық-эстетикалық ғылымдар саласында кәсіптік қызметін таңдауда шығармашылық қабілетін, өлең жазуын, тапқырлық қырын, дарынын танытуға қолдау көрсетіп, ары қарай дамуына жол ашу.

«Ақберен» өнер конкурсы 6 номинация бойынша өткізіледі:

1. Шешендік, білгірлік сайысы;​
2. Көркемсөз оқу;
3. Эссе жазу;
4. Ұлттық аспапта өнер көрсету;
5. Ақындар айтысы;
6. Ақындар мүшәйрасы.

Конкурстың ұйымдастырушысы: Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығы

Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының «Жамбыл дарыны»
аймақтық ғылыми-практикалық орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайтты әзірлеу
Semstar