МЕНЮ

«Маралтай оқулары» шығармашылық байқауының облыстық кезеңі

2025 жылдың 30 қазан күні жалпы орта білім беретін мектептердің 8-11 сынып оқушылары арасында «Маралтай оқулары» байқауының облыстық кезеңі өтеді.

Байқаудың мақсаты:

Мектеп оқушылары арасында Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, ақын, қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Маралтай Райымбекұлының шығармашылығын нсихаттау, қайраткерлік тұлғасын өскелең ұрпаққа кеңінен мзмұндап, егемен еліміздің әдебиеті мен мәдениетіне үлес қосу.

Байқау 2 номинация бойынша өткізіледі.

1. «Тарпаң мінезді Маралтай» номинациясы бойынша оқушылар Маралтай Райымбекұлының өлеңдерін мәнерлеп, жатқа оқиды.
2. «Жас ғасыр, жаңа замана» номинациясы бойынша жас ақындар өз туындыларын мәнерлеп оқиды.

Конкурстың ұйымдастырушысы: Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығы

Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының «Жамбыл дарыны»
аймақтық ғылыми-практикалық орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайтты әзірлеу
Semstar