МЕНЮ

9-10 сынып оқушыларына арналған жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» атты республикалық интеллектуалдық конкурсының облыстық кезеңі 22 қазан күні өткізіледі

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2025 жылдың 22 қазан күні 9-10 сынып оқушыларына арналған жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» атты республикалық интеллектуалдық конкурсының облыстық кезеңі өтеді.

Конкурстың мақсаты - оқушылардың зерттеу және талдау дағдыларын қалыптастыру, тарихқа қызығушылығын дамыту, отансүйгіштік пен азаматтық жауапкершілікті тәрбиелеу, сондай-ақ туған өлкенің өткеніне және болашағына креативті көзқарасты қалыптастыру.

Интеллектуалдық конкурсқа аудандық, Тараз қаласының және облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарының оқушылары қатысады.

Конкурс 2 турдан тұрады:

I тур - тестілеу;

II тур - номинациялар бойынша жұмысты қорғау.

Конкурс номинациялары:

9-сынып оқушылары үшін

1. «Менің өлкемнің тарихы мен мұрасы»

2. «Менің өлкемнің символдары»

10-сынып оқушылары үшін

1. «Жасампаздар: менің өлкемнің тұлғалары мен батырлары»

2. «Ертеңгі менің өлкем: болашақ жобасы»

Қатысушыларға сәттілік!

Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының «Жамбыл дарыны»
аймақтық ғылыми-практикалық орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайтты әзірлеу
Semstar