МЕНЮ

«Тіл - тәуелсіздік тұғыры» олимпиадасының қорытындысы

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы қазақ тілін насихаттауға бағытталған «Тіл - тәуелсіздік тұғыры» республикалық олимпиадасының қорытындысын шығарды.

Олимпиадаға қазақ тілінде оқытылмайтын мектептердің 5-10 сынып оқушылары, яғни ұлты қазақ емес өзге ұлт өкілдері қатысуға мүмкіндік алды.

Жамбыл облысынан 1483 оқушы қатысты.

Нәтижесінде:

І орынды - 204 оқушы
ІІ орынды - 376 оқушы
ІІІ орынды - 439 оқушы иеленді.

Олимпиада нәтижелері www.daryn.kz сайтында жарияланды.Сертификаттар мен дипломдарды www.games.daryn.kz платформасындағы жеке кабинеттен жүктеуге болады.

Жеңімпаз оқушыларды жүлделі орындармен құттықтаймыз.

Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының «Жамбыл дарыны»
аймақтық ғылыми-практикалық орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайтты әзірлеу
Semstar