Жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңі 2025 жылдың 20 қарашасында Тараз қаласының білім бөлімінің Шерхан Мұртаза атындағы №30 мектеп-гимназиясының базасында өткізіледі.
Ғылыми жоба конкурсының мақсаты: Ең талантты және дарынды жас зерттеушiлердi iрiктеу және оларға қолдау көрсету, сонымен қатар оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру, зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға ықпал ету.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар конкурсына аудандық, Тараз қаласының және облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарының оқушылары қатысады.
Конкурс 16 секция 4 бағыт бойынша өткізіледі.
Жаратылыстану-математикалық бағытындағы секциялар бойынша:
I бағыт «Ғылыми-техникалық прогресс экономикалық өсудің негізгі буыны ретінде» (секциялары: физика, техника, Жер және ғарыш туралы ғылым);
II бағыт «Экономикалық және әлеуметтік үрдістерді математикалық модельдеу» (секциялары: математика, қолданбалы математика, информатика, экономика);
III бағыт «Салауатты табиғи орта - «Қазақстан-2030» стратегиясын жүзеге асырудың негізі» (секциялары: химия, биология, қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығы).
Қоғамдық гуманитарлық бағыттағы секциялар бойынша:
IV бағыт «Қазақстанның тарихи ескерткіштері және перспективалы туристік маршруттар» (секциялар: тарих, адам және қоғам, өлкетану, этномәдениеттану, тіл білімі, әдебиет).
Қатысушыларға сәттілік!