2-7 сынып оқушылары арасындағы «Зерде» республикалық зерттеу жобалары конкурсының облыстық кезеңі 2025 жылдың 4 желтоқсан күні Тараз қаласының білім бөлімінің Шерхан Мұртаза атындағы №30 мектеп-гимназиясының базасында өткізіледі.
Зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының мақсаты: балалардың зерттеу дағдыларын дамыту және мектеп оқушыларының интеллектуалдық- шығармашылық әлеуетін ынталандыру.
2-7 сынып оқушылары арасындағы «Зерде» республикалық зерттеу жобалары конкурсына аудандық, Тараз қаласының және облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарының оқушылары қатысады.
Конкурс 2 бағыт 12 секция бойынша өткізіледі.
Жаратылыстану - математикалық бағыт бойынша
Конкурстың секциялары:
1. Математика, қолданбалы математика;
2. Физика, космос;
3. Туризм және спорт;
4. Химия, биология;
5. Информатика, робототехника, STEM инженерия.
Қоғамдық - гуманитарлық бағыт бойынша
Конкурстың секциялары:
Қазақ тілі мен әдебиеті;
Орыс тілі мен әдебиеті;
Ағылшын тілі мен әдебиеті;
Тарих, өлкетану;
Этномәдениеттану;
Медицина, психология, экология;
Технология және өнер.
Қатысушыларға сәттілік!