9-11 сынып оқушылары арасындағы Х республикалық «Шерхан Мұртаза оқулары» ғылыми-шығармашылық байқауы 2025 жылдың 10 желтоқсан күні Тараз қаласы, Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің бас оқу ғимаратының базасында өткізіледі.
Байқаудың мақсаты – Қазақтың халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Ш.Мұртазаның сан қырлы шығармашылығы мен қайраткерлік тұлғасын өскелең ұрпаққа кеңінен мазмұндап, тәуелсіз ел руханиятындағы маңызын зерделеу, егемен еліміздің әдебиеті мен мәдениетіне үлес қосу.
Байқауға аудандық, қалалық білім беру ұйымдарының және облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарының 9-11 сынып оқушылары қатысады.
Байқау 3 бағытта өтеді:
«Жүрекке жол тапқан жұлдыз көпірі» бағыты - жазушы шығармаларына әдеби және тілдік талдау жасау;
«Зау тұлға» бағыты – жас ақындардың арнау өлеңдері;
«Шерхан Мұртаза мұрасы» бағыты - прозалық, публицистикалық және философиялық шығармаларына арналған ғылыми жобалар қорғау.
Байқаудың ұйымдастырушылары: Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығы және Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің «Шерхантану» ғылыми-зерттеу орталығы