МЕНЮ

«Ана тілі» зияткерлік олимпиадасының облыстық іріктеу кезеңі

«Ана тілі» олимпиадасы – Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы мен «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» Халықаралық қоғамдық қоры ұйымдастыруымен өткізілетін зияткерлік олимпиада.

Олимпиаданың мақсаттары мен міндеттері:

  1. Қазақ тілін жастар арасында кеңінен дәріптеп, оны ғылым мен білімнің озық тіліне айналдыруға мүмкіндік туғызу.

  2. Оқушылардың ауызша сөйлеу шеберлігін жетілдіру, ойларын еркін әрі сауатты жеткізе білуге бағыттау.

  3. Оқушылардың жазбаша тіл шеберлігін дамытып, ойларын өзінің көзқарасымен сауатты, нақты және тиімді түрде жеткізе білуге жағдай жасау.

  4. Тыңдалған ақпаратты дұрыс түсініп, негізгі ойды саралап және оны өз ойымен ұштастыра отырып жазу шеберлігін дамыту.

Зияткерлік қазақ тілі олимпиадасына 9-11 сынып оқушылары қатыса алады.

Олимпиада қазақ тілінде өтеді, қатысушыларға ұлтына, оқу тобына (қазақ немесе басқа), жынысына байланысты талап қойылмайды.

Оқушылар іріктеу кезеңіне және республикалық кезеңге топ болып қатысады.

«Ана тілі» зияткерлік олимпиадасының облыстық іріктеу кезеңі – 2025 жылдың 13 желтоқсан күні Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты базасында офлайн тест форматында өткізіледі.

Нәтижелер мен өткен топтар тізімі олимпиаданың ресми сайтында жарияланды.

Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының «Жамбыл дарыны»
аймақтық ғылыми-практикалық орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайтты әзірлеу
Semstar