МЕНЮ

Республикалық VIII «Абайтану» олимпиадасының облыстық кезеңі

2025 жылдың 23 желтоқсан күні Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Абай атындағы мамандандырылған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын мектеп-гимназиясының» базасында жалпы білім беретін мектептердің 9-11 сынып оқушылары арасындағы республикалық VIII «Абайтану» олимпиадасының облыстық кезеңі өткізіледі.

Олимпиаданың мақсаты – Абай мұраларын насихаттау арқылы, оқушылардың Абай шығармаларын түсіну, пайымдау деңгейін дамыту, Абайдың адамдық мұрат идеяларын, ар ілімі, толық адам ілімін зерделеуге баулу.

Олимпиадаға қазақ тіліндегі жалпы білім беру ұйымдарының 9-11 сынып оқушылары қатысады.

Олимпиада екі айналымнан тұрады, Бір оқушы екі айналымға да қатысады.

1-айналым:

- қатысушы Абай қарасөздері мен поэзиясы негізінде дайындалған тақырыптардың біріне эссе жазады.

2-айналым:

а) Абай өлеңдері бойынша тапсырмалар:

- Абай өлеңдерінен алынған үзіндіні жалғастырып, шығарманың тақырыбы мен идеясына қатысты өз пайымын жазады;

- Абай өлеңдерінен «сократтық» сұрақтар беріліп, логикалық деңгейі тексеріледі.

ә) Абайдың қарасөздері және Абайтануға байланысты еңбектер бойынша құрастырылған тапсырмаларды орындайды:

- әдеби шығармалар мен ғылыми еңбектерден дәйектер келтіріп, Абай тұлғасын айқындайды;

- Абай қарасөздеріндегі өзекті мәселелерге сыни көзқараспен талдау жасайды.

б) М.Әуезовтің «Абай жолы» романынан немесе Абай шығармаларынан алынған сөйлемге кешенді талдау жасау арқылы грамматикалық сауаттылығы анықталады.

Олипиаданың облыстық кезеңін ұйымдастырушы: Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығы

Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының «Жамбыл дарыны»
аймақтық ғылыми-практикалық орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайтты әзірлеу
Semstar