МЕНЮ

Дәстүрлі «Ясауитану-2026» республикалық байқауының облыстық кезеңі

Жалпы білім беретін оқу орындарының 6-11 сынып оқушылары арасында республикалық «Ясауитану-2026» білім байқауының облыстық кезеңі 2026 жылдың 16 қаңтар күні Тараз қаласының білім бөлімінің № 64 орта мектебінің базасында өткізіледі.

Байқаудың мақсаты мен міндеттері:

1. Қазақ халқының рухани тұтастығын қалыптастырған Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың хикметтерін насихаттау;

2. Өскелең ұрпақты ұлы баба мұрасын терең меңгеріп, зерттеуге ынталандыру;

3. Жас өркеннің интеллектуалдық пайым-парасатын арттыру;

4. Жас буынды елдік санаға баулу;

5. Ұлы баба өнегесімен шәкірттерді адамгершілікке, ізгілікке баулу;

6. Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде жерленген тарихи тұлғалардың өмірі мен қызметін өскелең ұрпақтың бойына сіңіру;

7. Тарихи-мәдени ескерткіштерді, жәдігерлерді насихаттау.

Байқаудың өткізілу тәртібі:

1. Дәстүрлі «Ясауитану» Республикалық байқауына оқыту тіліне қарамастан, мемлекеттік және мемлекеттік емес жалпы білім беретін оқу орындарының 6-11-сыныптарының оқушылары қатыса алады.

2. Сайысқа www.azretsultan.kz  веб-сайтына жарияланған 40 хикметті жаттаған оқушылар қатысады.

3. www.azretsultan.kz веб-сайтында жарияланған сұрақтар негізінде аудандық және облыстық іріктеу турлары өткізіледі.

І кезең орта мектептерде іріктеу сынынан жеңіп шыққан 5 оқушы аудандық іріктеу сайысына жіберіледі.

ІІ кезең аудандық  іріктеуден үздік шыққан 5 оқушы облыстық іріктеу сайысына қатысады.

ІІІ кезең облыстық іріктеу сайысынан үздік шыққан 5 оқушы Республикалық сайысқа қатысуға жолдама алады.

Облыстық іріктеу сайысын өткізу тәртібі

1. Облыстық іріктеу турына аудандық іріктеуден жеңіп шыққан бес оқушыға дейін қатыса алады.

2. Облыстық іріктеулер «Әзірет Сұлтан» музей-қорығы бекіткен Ереже негізінде ұйымдастырылады.

3. Облыстық сайыста қойылатын билет сұрақтары azretsultan.kz веб-сайтына жарияланған талаптарымен сәйкес келуі тиіс.

4. Облыстық байқауда жоғары нәтиже көрсеткен 5 оқушы байқаудың Республикалық кезеңіне қатысады.

Байқаудың ұйымдастырушылары: Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығы

Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының «Жамбыл дарыны»
аймақтық ғылыми-практикалық орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайтты әзірлеу
Semstar