МЕНЮ

Облыстық «Eco-Science» атты ғылыми жобалар байқауы 23 қаңтар күні өтеді

2026 жылдың 23 қаңтар күні «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында «Эко-күнтізбе» айдарында жоспарланған 2-10 сынып оқушыларына арналған «Eco-Science» атты ғылыми жобалар байқауының облыстық кезеңі онлайн форматта өткізіледі.

Байқаудың мақсаты - оқушылардың ғылыми зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту, қоршаған ортаны қорғау мен экологиялық проблемаларға көпшіліктің назарын аудару.

Байқаудың міндеттері – оқушылардың үздік зерттеу жетістіктері мен өнер табыстарын көрсету;

- оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық жұмыстарын ынталандыру;

- туған елдің табиғатына аса қызығушылық танытатын ең талантты және дарынды жас зерттеушілерді іріктеу және оларға қолдау көрсету;

- еліміздің интеллектуалдық әлеуетін қалыптастыруға ықпал ету.

Қатысушыларға сәттілік!

Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының «Жамбыл дарыны»
аймақтық ғылыми-практикалық орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайтты әзірлеу
Semstar