МЕНЮ

Облыстық «Бауыржан оқулары» ғылыми-шығармашылық байқауы

2026 жылдың 4 ақпан күні жалпы білім беретін мектептердің 7-11 сынып оқушылары арасында облыстық «Бауыржан оқулары»  ғылыми-шығармашылық байқауы өтеді.

Байқаудың мақсаты мен міндеті:

- Даңқты қолбасшы, майдангер-жазушы  Бауыржан Момышұлының өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттау, өскелең ұрпақты ұлттық ата-дәстүр рухына баулу арқылы жастардың шығармашылығын шыңдау, эстетикалық талғам мен тұлғалық қасиетті насихаттау;

- Оқушылар арасында майдангер – жазушы Бауыржан Момышұлы шығармаларын насихаттай отырып, дарынды балаларды қолдау, отансүйер, білімді, рухы берік азаматтарды тәрбиелеу.

Байқау 5 номинация бойынша жүргізіледі:

- «Қайратыңа әдісіңді жолдас ет,әдісіңе ақылыңды жолдас ет...» бағыты бойынша қатысушылар жазба (эссе) жұмысын орындайды.

- «Алаштың айбыны - Бауыржан Момышұлы» бағыты бойынша Б.Момышұлының шығармаларындағы көркем ойталғам мен түсінік, ұлттық танымның ерекшеліктерін, адамзат,  ұлт руханиятындағы мәнмен сабақтастыра отырып, ғылыми зерттеу жоба әзірлеу және оны қорғау.

- «Сыр айтам саған, халқым, ұға білсең» бағыты бойыша втордың туындыларынан үзінді жатқа оқу (өлеңдер, прозалық шығармаларынан үзінділер)

- «Томаға киген тау бүркіт» бағыты бойынша жас ақындар Б.Момышұлына өздерінің арнау өлеңдерін оқиды.

- «Ел дегенде еміреніп, жұрт дегенде жүгініп қызмет еткін!» бағыты бойынша қатысушылар берілген тақырыптар бойынша TEDх форматында өз идеяларын ұсынып, тұжырым жасайды.

Байқаудың облыстық кезеңін ұйымдастырушы: Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығы

Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының «Жамбыл дарыны»
аймақтық ғылыми-практикалық орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайтты әзірлеу
Semstar