МЕНЮ

Республикалық Мұқағали Мақатаев оқуларының облыстық кезеңі

2026 жылдың 13 ақпан күні республикалық «Мұқағали Мақатаев оқулары» байқауының облыстық кезеңі өтеді. Байқауға 7-11 сынып оқушылары қатысады.

Оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, өлең сөзінің құдіреті мен қуатын жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге, ой-пікірлерін ғылыми тұрғыда дәйекті жеткізе алуға баулу мақсатында өткізілетін байқау 4 номинациядан тұрады:

- «Айтып өткен ақында арман бар ма?» айдарында үміткер Мұқағали Мақатаевтың  шығармашылығынан жатқа білетін өлеңдерінің тізімін (поэмадан басқа) әкеліп алдын-ала қазылар алқасына ұсынады.

- «Жыр эстафетасы» айдарында байқауға қатысушылар «Аққулар ұйықтағанда», «Алтай-Атырау» және «Райымбек-Райымбек» поэмаларын жатқа білуі тиіс.

- «Көкірегімде жыр сәулесі маздайды...» айдары бойынша оқушы өз шығармашылығынан 3-5 шумақтан аспайтын бір өлеңін (кітапшасын ұсынады) қазылардың нұсқауымен оқиды. 

  - «Дариға, домбырамды берші маған» айдарында үміткерлер Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған әндерді белгілі бір аспаппен (домбыра, жетіген, баян, гитара т.б.) өздерін сүймелдеу арқылы жанды дауыста орындайды.

Байқаудың облыстық кезеңін ұйымдастырушы: Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығы

Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының «Жамбыл дарыны»
аймақтық ғылыми-практикалық орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайтты әзірлеу
Semstar