МЕНЮ

«Жыр алыбы – Жамбыл» атты республикалық жас ақындар айтысының облыстық кезеңі

2026 жылдың 20 ақпан күні жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында Жамбыл Жабаевқа арналған «Жыр алыбы – Жамбыл» тақырыбындағы жас ақындар айтысының облыстық кезеңі өтеді.

Айтыс екі номинация бойынша өтеді:

- Тақырыптық айтыс.

Бұл жерде оқушылар Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығын, жалпы елдегі хал-ахуалы туралы жырлау керек, бір-біріне мәнді де мағыналы жауап қайтара білу керек.

- Қайым айтыс.

 Қайым айтыстың негізгі шарты - айтысты бастаған қарсыластың айтқан өлеңінің ұйқасын бұзбай, алғашқы екі жолын мағыналық тұрғыда ғана сәл өзгертіп, немесе сол қалпында сақтап соңғы екі жолында жауап қайтару. Қайым айтыс - нағыз суырып салмалықты, шапшаңдық пен тапқырлықты басты талап қылып, жедел ой қорытып, салмақты жауап қайтаруды қажет ететін айтыстың ең қызық түрі.

Айтысқа 7-11 сынып оқушылары қатыса алады. Әр аудан республикалық айтыстың облыстық кезеңіне әр номинация бойынша 1 (бір) үміткер (әр ауданнан 2 үміткер) ұсынады.

Айтыстың облыстық кезеңін ұйымдастырушы: Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығы

Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының «Жамбыл дарыны»
аймақтық ғылыми-практикалық орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайтты әзірлеу
Semstar