«Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығы мен «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» Халықаралық қоғамдық қорының ұйымдастыруымен 2026 жылдың 28 ақпан күні Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатында жалпы білім беретін оқу орындарының 7-11(12) сынып оқушылары арасында «Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңі өткізіледі.
Олимпиаданың мақсаты – мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, қазақ халқының мәдени, әдеби және рухани қазыналарын кеңінен насихаттау және оқушылардың шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін, мәдени дүниетанымын дамыту.
Олимпиада бес бағыт бойынша өтеді:
1. «Бейнелеушілер» (қазақ әдебиетіндегі шығармаларды комикс жанрында салу);
2. «Білгірлер бәйгесі» (халық ауыз әдебиеті үлгілері бойынша сайыс);
3. «Жас қаламгер» (жазбаша шығармашылық жұмыс);
4. «Сөз шеберлері» (шешендік өнер, көпшілік алдында белгілі бір тақырыпта сөз сөйлеу, белгілі бір ақынның (поэзия) мәнерлеп оқу);
5. «Әнші-бұлбұлдар» (кез келген музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен дәстүрлі немесе эстрадалық жанрда жанды дауыста ән айту).