МЕНЮ

Республикалық «Мәшһүр Жүсіп оқулары» байқауының облыстық кезеңі

2026 жылдың 5 наурыз күні республикалық «Мәшһүр Жүсіп оқулары» байқауының облыстық кезеңі өтеді.

Байқауға оқу тіліне қарамастан мемлекеттік және мемлекеттік емес жалпы білім беру ұйымдарының және қосымша білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары қатыса алады.

Мақсаты: философ-ақынның рухани мұрасын дәріптеу, шығармаларында бейнеленген туған жерге сүйіспеншілік, белсенді азаматтық ұстанымды өскелең ұрпақта тәрбиелеу, тұлғаның зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамыту.

«Мәшһүр Жүсіп оқулары» байқауы 5 бағыт бойынша өтеді.

I бағыт: «Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген» – ақындар мүшәйрасы. Мәшһүр Жүсіп шығармаларын түсіне білу, оны дамыту, өз сезімімен байланыстыра алу талабы қойылады.

II бағыт: «Бас болып өнер білсең, тіпті жақсы» – ғылыми зерттеу жобасын қорғау. Ақын, әдебиетші, ел тарихын жинақтаушы бабаның туындыларына зерттеушілік көзқараспен баға бере білуді талап етеді.

ІІІ бағыт: «Білімді зерек адам болам!» - десең, Қара өзіңді басқаның айнасымен» – эссе жазу. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шығармашылығынан туындайтын идеялар мен көркем ойларды кеңейте жазу, ашу, ұлт тарихымен, әдебиетінің өзге өкілдерінің көркем мазмұнымен байланыстыра алу, ұлы баба туындыларынан өріс алатын терең танымды тарату.

IV бағыт: «Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының фольклорлық мұрасы. Хандар, батырлар».

Қатысушыларға Мәшһүр Жүсіптің қазақ халқының хандары, батырлары туралы фольклорлық жазбаларынан келесі тізімде көрсетілген екі топтың ішінен бір тұлғаны таңдау ұсынылады. (Ережеде көрсетілген)

V бағыт: «Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының фольклорлық мұрасы. Би-шешендер, жырау-ақындар».

Қатысушыларға Мәшһүр Жүсіптің қазақ халқының би-шешендері, жырау-ақындары туралы фольклорлық жазбаларының ішінен келесі тізімде көрсетілген бір тұлғаны таңдау ұсынылады. (Ережеде көрсетілген)

Республикалық «Мәшһүр Жүсіп оқулары» байқауына облыстық кезеңде әр бағыт бойынша Бас жүлде иеленген оқушылар жолдама алады.

Ескерту: алдыңғы жылдардағы республикалық «Мәшһүр Жүсіп оқулары» байқауының жеңімпаздары бұл байқауға қатыса алмайды.

Байқаудың облыстық кезеңін ұйымдастырушы: Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығы

Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының «Жамбыл дарыны»
аймақтық ғылыми-практикалық орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайтты әзірлеу
Semstar