МЕНЮ

Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі

2026 жылдың 18 наурыз күні қазақ тілінде білім беретін мектептердің 9-11 сынып оқушылары арасындағы Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі өтеді.

Олимпиаданың мақсаты – Қазақстан Республикасының дарынды оқушыларын анықтау, дамыту және қолдау көрсету болып табылады.

Олимпиаданың негізгі міндеттері: оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті бойынша білімдерін жетілдіру мен тереңдету, патриотизмді, азамшылықты дамыту, ұлттық мәдениетке, дәстүрлерге деген құрметті дәріптеу, оқушылардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Олимпиада екі айналымда өткізілді:

1 айналым - жазбаша – эссе;

2 айналым – ауызша – қазақ тілін, қазақ әдебиетінің шығармаларын, Қ.Бітібаеваның өмірбаяны мен ғылыми мұрасын және публицистикалық еңбектерін білу бойынша сұрақ-жауап.

Байқаудың облыстық кезеңін ұйымдастырушы: Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығы

Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының «Жамбыл дарыны»
аймақтық ғылыми-практикалық орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайтты әзірлеу
Semstar