МЕНЮ

Ақын Серік Томановтың туғанына 70 жыл толуына орай жалпы білім беретін мектеп оқушыларының арасында «Серік оқулары» облыстық әдеби-шығармашылық байқауы

2026 жылдың 28 наурыз күні  ақын Серік Томановтың туғанына 70 жыл толуына орай жалпы білім беретін мектеп оқушыларының арасында «Серік оқулары» облыстық әдеби-шығармашылық байқауының өтеді.

Байқаудың мақсаты мен міндеті:

- Ақын, жазушы Серік Томанов шығармаларын терең меңгерту, жас ұрпақтың рухани дүниетанымын байыту;

- Поэзияға деген қызығушылықты арттыру және талантты жастарды анықтау және қолдау;

- Өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік құндылықтарын нығайту және көркем сөз өнеріне баулу.

Байқау қатысушылары

Байқауға облыстың жалпы білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары қатыса алады. Екі номинация бойынша аудандық/қалалық кезеңде жеңімпаз атанған 2 оқушы (әр номинацияға – 1 оқушы) қатысады. Серік оқулары – қазақ тілінде жүргізіледі.

«Серік оқулары» екі номинациядан тұрады:

1. «Көркем сөз шебері» номинациясында үміткер Серік Томановтың шығармашылығынан жатқа білетін өлеңдерінің тізімін әкеліп алдын-ала қазылар алқасына ұсынады. Ұсынылған тізімнен қазылардың нұсқауымен кез-келген өлеңді жатқа оқиды. Қазылар тізім бойынша бірнеше өлеңді жатқа айтуын ұсынады. Үміткердің жатқа білетін өлеңдерінің санына және мәнерлеп, көркем оқылуына баға қойылады.

Бағалау критерийі:

- жатқа айтуда тіл тазалығы;

- сөйлеу мәнері және мәдениеті;

- жатқа білетін өлеңдер саны;

- сахналық мәдениеті.

2. «Жас ақын» бағыты бойынша жас ақындар Серік Томановқа өздерінің арнау өлеңдерін оқиды. Қатысушы өз шығармаларының жинағын (кітапша) байқау басталғанға дейін ұсынуы қажет.

Бағалау критерийі:

- көркем оқуы мен мәнерлігі;

- ерекше ұйқасы мен құрылымы;

- дауыс интонациясын сақтауы;

- сахнада өзін-өзі ұстауы;

- жинақтағы жалпы өлеңдер саны.

Байқаудың облыстық кезеңін ұйымдастырушы: Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығы

Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының «Жамбыл дарыны»
аймақтық ғылыми-практикалық орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайтты әзірлеу
Semstar