МЕНЮ

Облыстық «Eco-Volonter» жас еріктілер байқауы 12 наурыз күні өтеді

2026 жылдың 12 наурыз күні «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында «Эко-күнтізбе» айдарында жоспарланған 5-10 сынып оқушыларына арналған «Eco-Volonter» жас еріктілер байқауының облыстық кезеңі онлайн форматта өткізіледі.

Байқаудың мақсаты - адамзаттық құндылықтарға сәйкес, рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыру;
-  оқушыларды патриотизм рухында тәрбиелеп, көшбасшылық қабілеттерін ашуға көмектесу;
- туған елдің табиғатына қызығушылық танытатын талантты оқушыларды анықтап, олардың шығармашылық қабілетін және қоғамдық белсенділігін дамыту.

Байқаудың міндеттері - оқушылар арасында экологиялық мәдениетін қалыптастыру:

- жастардың идеялары мен жобаларын ұсынуға мүмкіндік беретін әмбебап алаң құру;
- балалар мен жастарды бірігіп жұмыс жасауға үйрету.

Қатысушыларға сәттілік!

Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының «Жамбыл дарыны»
аймақтық ғылыми-практикалық орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайтты әзірлеу
Semstar