МЕНЮ

5-8 сынып сынып оқушыларына арналған «ProEco» экологиялық жобалар конкурсының облыстық кезеңі 2 сәуір күні өтеді

2026 жылдың 2 сәуір күні Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармсыаның «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 5-8 сынып оқушылары арасында республикалық «ProEco» экологиялық жобалар конкурсының облыстық кезеңі Тараз қалалық білім бөлімінің № 64 орта мектебінің базасында өтеді.

Конкурстың мақсаты – экологиялық мәселелерге қызығушылық танытатын, зерттеу қабілеті жоғары дарынды оқушыларды анықтау және қолдау.

Конкурстың міндеті:

- Оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру және белсенді өмірлік ұстанымын дамыту;

- Табиғи және жасанды экожүйелерді зерттеу мен сақтауға деген қызығушылықты қолдау;

- Оқушылардың интеллектуалдық және шығармашылық әлеуетін дамыту, туған өлкенің табиғатына құрметпен қарауды тәрбиелеу;

- Оқушыларды экологиялық бастамалар мен жобаларды іске асыруға тарту.

Қатысушылар «ProEco» экологиялық жобалар конкурсының ережесіне сәйкес 4 бағыт бойынша жобаларын қорғайды.

• «Туған өлке табиғаты» бағыты;

• «Мені қоршаған әлем- ғажайып әлем» бағыты;

• «Үздік экологиялық бастама» бағыты;

• «Таза қала сізден басталады» бағыты.

Қатысушыларға сәттілік!

Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының «Жамбыл дарыны»
аймақтық ғылыми-практикалық орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайтты әзірлеу
Semstar