МЕНЮ

«Әбіш оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық конкурсының облыстық кезеңі

2026 жылдың 10 сәуір күні күні жалпы білім беретін ұйымдардың 8-11 сынып оқушылары арасында «Әбіш оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық конкурсының облыстық кезеңі Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталықтың базасында өтеді.

Конкурстың мақсаты – мектеп оқушылары арасында Әбіш шығармаларын насихаттау, олардың шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамдарын, тұлғалық сезім мәдениетін дамыту, жазушының рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, тарихи танымдарын, өмірлік айқындамаларын қалыптастыру.

Конкурс 5 номинация бойынша өтті:

1. Ә. Кекілбаев шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салу;
2. Ә. Кекілбаев шығармаларын (прозасы, поэзиясынан) мәнерлеп оқу;
3. Ә. Кекілбаевтың шығармалары бойынша зерделеу жоба байқауы;
4. Ә. Кекілбаевтың шығармаларынан сахналық қойылым; 
5. Ә. Кекілбаевтың шығармалары бойынша ақындар мүшәйрасы.

Ескерту: Республикалық «Әбіш оқулары» ғылыми-шығармашылық конкурсының республикалық кезеңіне қатысып жүлделі орынға ие болған оқушы екінші рет байқауға қатыса алмайды.

Байқаудың облыстық кезеңін ұйымдастырушы: Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығы

Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының «Жамбыл дарыны»
аймақтық ғылыми-практикалық орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайтты әзірлеу
Semstar