2026 жылдың 21 сәуір күні жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында республикалық «Ілияс Жансүгіров оқулары» байқауының облыстық кезеңі өтеді.
Байқаудың мақсаты – мектеп оқушылары арасында Ілияс Жансүгіров шығармаларын насихаттау, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тума талант, табиғи дарындыларын анықтау.
Байқаудың міндеттері:
• жас ақындарға әлеуметтік-рухани қолдау көрсетіп, шығармашылық жұмыс түрлерін жандандыру;
• Ілиястың лирикалық, эпикалық, прозалық, драмалық шығармаларымен және фольклорлық, ғылыми-публицистикалық зерттеулерімен танысып, ол туралы өз ой-пікірлерін ғылыми тұрғыда жеткізе білуге дағдыландыру.
Байқау қатысушылары
Байқауға облыстың жалпы білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары қатыса алады. Бес номинация бойынша аудандық/қалалық кезеңде жеңімпаз атанған 5 оқушы (әр номинацияға – 1 оқушы) қатысады.
Байқау 5 номинация бойынша өтті:
1. «Ілияс – қазақ поэзиясының жыр құлагері» поэмасын жатқа оқу бағыты;
2. «Ілияс– қарасөз шебері» - көркемсөз оқу бағыты;
3. «Сұлу сөздің сүлейі» -шығарманың көркемдік құрылысын талдау бағыты;
4. «Заманның заңғар тұлғасы» - буктрейлер бағыты;
5. «Жаз! Жаз! Қалам, жорғалап» - жас ақындар бағыты.
Ескерту: алдыңғы республикалық Ілияс Жансүгіров оқуларында кез келген бағыт бойынша «Бас жүлде» иегерлері ағымдағы жылғы байқауға қатыса алмайды.
Байқаудың облыстық кезеңін ұйымдастырушы: Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығы