МЕНЮ

Дәстүрлі «Ясауитану-2026» республикалық байқауы өтеді

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК ұйымдастыруымен 2026 жылдың 23-24 сәуір күндері аралығында Түркістан қаласында жалпы білім беретін 6-11 сынып оқушыларына арналған дәстүрлі «Ясауитану-2026» республикалық байқауы өтеді.

Жамбыл облысынан республикалық байқауға жалпы білім беретін 6-11 сынып оқушылары арасынан байқаудың облыстық кезеңінен үздік шыққан  5 оқушы қатысады.

Байқау 3 кезеңнен тұрады:

◦ І кезең – хикметтерін жатқа айту;
◦ ІІ кезең – Қожа Ахмет Ясауидің өмірі мен шығармашылығына, хикметтердегі ұғымдарға, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен ондағы жәдігерлерге, жерленген тұлғаларға байланысты, Қазақстан тарихына қатысты сұрақтарға жауап береді;
◦ ІІІ кезең – қатысушыларға хикметтегі тірек (Мәселен, шариғат, тариқат, мағрифат, ақиқат) сөздерінен сұрақ қойылады.

Облыс оқушыларына сәттілік тілейміз!

Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының «Жамбыл дарыны»
аймақтық ғылыми-практикалық орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайтты әзірлеу
Semstar